Preview only show first 10 pages with watermark. For full document please download

толстой тағылымы. мырзагелді кемел

Лев Толстой 1828 жылғы тамыздың 28 жұлдызында Мәскеу түбіндегі Ясная Поляна деп аталатын мекенде дүниеге келді. Толстойлар отбасы Ресейдегі ең бай әрі үбірлі-шүбірлі отбасыларының бірі болатын. Әкесі Османлы елшілігі міндетін атқарған атаның ұлы болса, шешесі Волконская ханша еді. Толстой бала жасынан-ақ өте ақылды әрі зерек болды. Алайда, үш жасында анасынан, тоғыз жасында сүйікті әкесінен айырылып, тұл жетім қалған Лев өлімнен қатты қорқатын. Бағына орай, мұнан соңғы тәрбиешілері аса ақкөңіл, діндар жандар боп шығады. Оны асыраған, туыс болып келетін екі әйел қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіреді.

   EMBED

  • Rating

  • Date

    May 2018
  • Size

    418.9KB
  • Views

    7,627
  • Categories


Share

Transcript

    1 Толстой тағылымы   1. Даналық   Лев Толстой 1828 жылғы тамыздың 28 жұлдызында Мәскеу түбіндегі Ясная Поляна деп аталатын мекенде дүниеге келді. Толстойлар отбасы Ресейдегі ең бай әрі үбірлі - шүбірлі отбасыларының бірі болатын. Әкесі Османлы елшілігі міндетін атқарған атаның ұлы болса, шешесі Волконская ханша еді.   Толстой бала жасынан - ақ өте ақылды әрі зерек болды. Алайда , үш жасында анасынан, тоғыз жасында сүйікті әкесінен айырылып , тұл жетім қалған Лев өлімнен қатты қорқатын . Бағына орай , мұнан соңғы тәрбиешілері аса ақкөңіл, діндар жандар боп шығады. Оны асыраған , туыс болып келетін екі әйел қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіреді.   Бала   Лев өте көңілшек болатын.   Көңілі марқайған сәттерінде балаша куана алмай, жағдайы мүшкіл адамдарды ойлап, уайымға салынып жылайтын. Тайына міне қалса, оған жаны ашып, мойнынан құшақтап кешірім сұрайтын. Өз ойынан әңгіме шығарып, оған өзі жылайтын. «Естеліктер» атты шығармасында сол күндерді былайша еске алады: «Алғашқы қайғысыз   жылдарым қайта оралар ма? Сол күндердегі жан - тәніммен тілейтін тілектерім қайда? Бейкүнә көз жасым қайда?»   Толстой ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкен. 34 жастан асқанда 17 жасар Софья Берске үйленген. 82 жыл өмір сүрген, 13 ұл - қыздың әкесі атанған. Екінші қызы Татьяна 96, кіші қызы Александра 95 жыл өмір сүрген. Осылайша ұлы жазушы отбасы қызығын молынан көрген, әйелімен тату - тәтті өмір кешкен. «Менің әйелім сенімді және әбден берілген дос қана емес, ол менің барлық істерімдегі –    тұрмыстағы және әдебиеттегі жәрдемшім» деп жазып қалдырған. Тек өмірінің соңына қарай Толстой мен әйелінің арасында түсініспеушілік пайда болыпты, оған да көбіне Толстойдың мінезіндегі, өмір сүру қалпындағы ерекшеліктер себеп болған секілді.   1843 жылы Дарулфунунның шығыс тілдері факультетіне оқуға барады. Шығыс тілдеріне деген қызығушылығы ерекше еді. Алдымен араб, түрік тілдерін таңдайды. Кейінірек тілшілікті тастап, құқық негіздерін оқи бастайды. Бірақ бұл кезде Толстой діни сенімдерден мақрұм боп қалған - ды. 17 жасында - ақ шіркеуге сенбейтін. Сонда да рухани толысу, кемелденуге үлкен мән беретін. Өзін - өзі рухани кемелдендіруге барынша күш салатын. Сол кездерін есіне алғанда: «Жақсы болғым келетін, бірақ жалғыз әрі жас едім» - деп жазды.   1847 жылы университетті тастап, Ясная Полянаға барады да , 1851 жылға дейін сонда қалады.   Сөйтіп , халықпен қоян - қолтық араласады. Мұқтаждарға   көмектесіп, жарлы - жақыбайға жәрдем беруге тырысады. Бірақ мұнан да қанағаттанбай, ақыры әскерлік жолды таңдайды. 23 жасында Кавказға барып, армияға қосылады. Біраз өзіне - өзі келгендей болады. Орыс жазушыларының бәрі де Чернышевскийдің «Не істеу керек?» деген сауалын өздеріне қойған. Толстой да осы сауал төңірегінде ойланып, ақиқатты іздеді. Бүл жолда ол философ сияқты емес, жанын жегідей жеген өлім қорқынышының шарасын іздейді. Бізге жеткен жазушының естеліктері арасынан табылған бір жазбада төмендегі сауалдар тізіліпті:   1) Не үшін өмір сүремін?   2) Жаратылуымдағы мақсат не?   3) Өзгелердің өмірінің мәні неде?   4) Ішімдегі жақсы және жаман сезімдердің болу себебі не?   5) Қалай өмір сүруге тиіспін?   6) Өлімнің сыры неде? Өзімді қалай құтқара алам?   Осы сұрақтардың нәтижесінде ол жаратушыны қайта тапты. Қайтадан дінге мойын бұрды. Бірақ пікірлері сенімінен кейінде қалды, тән сезімдерін жеңу оңай емес - ті. Құмарлықтары мен діни көзқарасы арасында бітіспес күрес жүріп   жатты. «Күнделігінде» бұл жайында былай жазады:   1) Құмар ойындары (Бұны жеңуге болады);   2) Жыныстық құмарлық (Жеңу өте   қиын ); 3) Өркөкіректік (Бәрінен де қауіптісі осы).      2 Толстой осыдан кейін жазуға алаңсыз бет бұрды. «Естеліктерінің» балалық шағын баяндайтын бөлімін бітіреді. Әскери қызметпен қатар қаламын ұштай түседі. «Севастополь», «Естеліктер», «Казактар», «Басқыншылық» аталатын кітаптарын майдан шебінде жүріп - ақ жазады. Содан соң «Соғыс және бейбітшілік» пен «Анна Каренинаны» жазған. Толстой ұсақ әңгімелердің де асқан шебері. Оның «Соңғы бал» деген әңгімесіндегі той үстінде өзінің тәрбиелі жүріс - тұрысымен, мәдениетімен, зиялылығымен көзге түскен адамның таңертеңгілік әскери ортада қатыгез, мейірімсіз офицерге айналуы –    қоғамдағы адам психологиясының күрделі қайшылықтарының айқын көрінісі.   Оның «Ильяс» деген әңгімесінің мазмұны мынадай:   «Уфа губерниясында Ильяс деген бір башқұрт өмір сүреді. Ол үйленгеннен кейін бір жылдан соң әкесі қайтыс болды, ол ортақол шаруа еді, одан жеті бие, екі сиыр, жиырма шақты   қой қалды.   Ильяс әйелі екеуі 35 жыл бірге өмір сүріп, шаруақорлықтың, ұқыптылықтың нәтижесінде әбден   байыды –    жылқысы 200, сиыры 150, қойлары мыңға жетті. Жалшылар ұстады, жұрт Ильяспен тамыр - таныс болуға тырысты. Қонаққа келгендерді Ильяс меймандостықпен қабылдап, жақсы күтетін.   Ильястың екі ұл, бір қызы бар еді, оларды аяқтандырды. Үлкен ұлы әкесінің дәулетін көтере алмай, маскүнемдікке салынды. Сөйтіп, бір төбелесте өліп тынды. Кішісі адуын, ақылсыздау әйелінің соңына еріп, кетіп қалды. Бір жылы жұт   келіп Ильястың көп малы қырылды, жұттан қалған жылқысын қазақтар барымталап, талап әкетті. Қуаты қайтып, жетпіске таяп қалған Ильяс кемпірі екеуі бірер жыл қамқа тон, қалы кілемдерін, қымбат ер - тұрмандарын сатып күнелтті. Қызы қайтыс болды, сөйтіп, олар екеуден - екеу қалды. Ең ақырында сауып сүтін ішіп отырған жалғыз сиырын да сатты.   Мүсәпір күйге түскен қарттарға Мұхамедшах деген көршісі көмектесті, кемпірі екеуін үйіне   алдырып, бірге тұруға көндірді.   Еңбекке әбден қайнап піскен екеу қарап отыра алмады, сөйтіп, көршінің малын қарасып, биелерін саууға кірісті. Әуелі ауырсынса да, бірте - бірте көндігіп, өз істерін адал атқарып жүре берді.   Бір күні Мұхамедшахтың құдалары келіп, Ильясты танып, кешегі атағы шыққан бай қалайша   үй қараушы қызметшіге айналғанына таңырқап, мән - жайды түсінген соң: «Апырмай, дүние кезек деген осы екен ғой, бірде аспанға көтеріп, бірде түпсіз тереңге тастап жібереді екен - ау», - деді.   Олар Ильястың өзімен әңгімелесіп, бір кезде дәулеті тасып, қазір қиын жағдайда жүргеніне жаны ауыра ма екен, білейік, бұл өміріне не айтар екен деп үйге шақырды.  - Сіз дәулет, бақыт, бақытсыздық, қайғы - уайым жайлы не айтар едіңіз, - деді қонақ.  - Оны кемпірімнен сұраңыз, - деді Ильяс.  - Біз шалымыз екеуміз елу жыл бірге өмір сүріп, бақытты олай да іздедік, былай да іздедік, таба алмадық. Міне, екі жылдай болды, әбден тігерге тұяқ қалмаған шақта, жалшылықта жүргенімізде нағыз бақытты таптық. Біз енді осыған шүкіршілік етеміз, - деді кемпірі.   Мына сөзге қонағымен қоса үй иесі де қайран қалды.  - Қалжың емес, бар шынымыз осы: елу жыл ен дәулеттің ортасында бақыт іздедік, таба алмадық. Тақыр кедей кезімізде таптық іздегенімізді. Бұдан артық ештеңенің керегі жоқ бізге!  - Сонда бұл бақыттарыңның мәні неде?  - Мәні мынада: бар болған кезімізде шал екеуміз бір күн де, бір   сағат та тыным көрмейтінбіз: сөйлесуге де, ойлануға да, тіпті, Құдайға сыйынуға да уақытымыз болмайтын. Қам - қарекет дейтінің бастан асатын! Мейман келсе, сөге жамандап кетпеуі үшін ішіп - жемін қалай беру керек, қандай сый - сияпат жасап, тарту - таралғы берген   дұрыс, осымен бас қатырасың. Қонақ күтіп жүріп қызметкерлерден де көз жазбау керек. Олардың кейбірі тамаққа тойған соң, жұмысты қойып, жата қап ұйықтағанды ұнатады. Азық - түлікке сұғанақтық жасалмасын деп, оны да қарайсың, Күдіктену –    күнә, әрине. Бірақ, амал жоқ. Құлынды яки бұзауды қасқыр тартып кетпеуін, ұры үйірлі малды айдап әкетпеуін    3 қадағалау    –    ол да жұмыс. Содан ућ деп орныңа жетсең, онда да, тыныштық жоқ: «Саулық қой қозыларын жаншып тастамады ма екен?» - деп түн ішінде жылы төсекті тастап, қораға барасың. Қысқа жем - шөп қамдау - бұл да бейнет. Бейнет болғанда да, шал екеуміз кейде келісе алмай керісіп те қалатынбыз. Ол олай істейік дейді, мен былай деймін... Керіскен соң артық, ауыр сөз шығып кетеді. Ол, әрине, күнә.   Осылайша тірліктен тірлікке, күнәдан   күнәға көшіп жүріп, бақытты өмір дейтінді көрмеппіз ғой.   Қазір   шалымыз екеуміз төсектен тұрғаннан сыйластықпен сөйлесіп, шүйіркелесеміз. Таласатындай ештеңе жоқ. Игере алмай жататындай жұмыс та жоқ. Бір ғана ісіміз бар –    қожайынға қызмет ету. Шамамызға қарай, ынты - шынтымызбен жұмыс істейміз. Қожайын зиян шекпесе екен, қайта пайда көрсе екен дейміз. Жұмыстан келсек –    ауқатымыз пісулі, қымыз құюлы. Суық түссе –    отқа жағатын тезек жеткілікті, жылы тонымыз бар. Қожайынның берген еңбекақысы өлерімізге жұмсалатынына сенімдіміз. Әңгімелесуге, иман туралы ойланып, Құдайға мінәжат етуге де уақыт табылады. Елу жыл іздеп тапқан бақытымыз осы біздің!   Ілияс та өз ойын қосып:  - Бұл қалжың емес, адам тағдыры, өмір. Біз де бұрын кемпіріміз екеуміз баянсыз байлығымызды жоқтап жылап, ақымақ болған екенбіз. Құдай көзімізді шындыққа жеткізді. Енді оны еріккендіктен емес, сендерге жақсылық тілегендіктен өздеріңе ашып айтып отырмыз», - дейді.   Толстойдың шығармашылық шеберлігінің артуымен бірге іштей рухани тынышсыздығы, ақиқатқа   ұмтылысы да арта түседі. Ол әскерлік қызметті тастайды. Сүйікті бауыры Николаның көз алдында өмірмен қош айтысуы, мәңгілікке жоғалу қаупін арттырып, сенімі жойыла бастайды. Жазған сөздерінің бірінде: «Өмірде қадір тұтатын аяулыларымның бәрінен айырылдым. Енді өмірдің не мәні бар? Бүгін - ертең ауру не өлім мені де тұзағына іледі... Адам мас күйінде ғана өмірден ләззат ала алады. Отбасылық өмір, тірлік, өнер дегендердің бәрі де сәтсіз, мәнсіз бола бастады. Осы сезім өте қорқынышты. Бұл қауіптен құтылу үшін   өзімді өлтірмек те болдым. Мені құшағына алған қараңғылықтың қаупін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы азаптан бір оқпен өзімді құтқарғым келеді» депті.   1862 жылы қыркүйекте Толстой үйленеді. Біраз уақытқа дейін соның қызығымен басқа нәрсе ойлауға мұршасы болмайды. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармайды. Азапты ойлар көңілін қайтадан кеміре бастайды. «...Мен кіммін? Не үшін өмір сүремін? Өмірімнің мақсаты не? Жақсылық қайда? Жамандық ше? Бай болайын, атақты болайын, маған не пайда? Бүгінгі ісімнің, ертеңгі   тіршілігімнің не мәні бар? Өлімді жеңетін күш бар ма, сірә?»   ...«Өмірде ең сенімді дегенімнің өзінің күл - талқаны шықты. Неге сүйенсем жаныма сая табам?..»   «...Өзіңді өзің өлтір, сонда бәрінен құтыласың. Өмір ұнамайды, солай ма? Өлтір өзіңді . Тірі жүріп тірліктің мәнін түсінбесең, босқа өзіңді алдаусыратпа» . «...Тіршіліктен жирендің ғой. Онда неғып жүрсің? Кет, көзіңді жоғалт».   Бұл сөздерді жазғанда Толстой бар болғаны 35 жаста ғана еді.   Өзіне - өзі қол   жұмсағандарды салыстырып, ойланып қарасақ , олар өмірлік   тонусы төмен адамдар, немесе, жарқылдап отырып - ақ бірден мұңдана қалатын   сезімтал болып шығады. Бұндай мінездің адамдарына аз ғана   қиыншылық   алынбайтын қамалдай   болса керек, ауыр жағдайға итермелейтін сол - ау, сірә.   Толстойдың кей мінездерін ұлы адамдардың бойында болатын артық - ауыс, астын - үстін келе беретін іс - әрекет деп бағаласа да болар ма еді? Олардың көбі солай болған ғой...   Пушкинде оқыс мінездер, әулекілік аз болмаған, ол карта ойынының құмарпазы болып, түк ақшасы қалмағанша ойнап, қарызға ұтылып, ақыр соңында өлеңдерін салып, ұттыратын болған. Тіптен «Евгений Онегин» поэмасын жазып бітпей жатып, бастапқы тарауларын ұттырған, сөйтіп, кейіннен қайтып сатып алған.      4 Өзіңе - өзің қол жұмсамай - ақ, екі қолыңды төбеңе қойып, өз үйіңнен қашпай - ақ өмір қысқа, аз ғана сәт те емес –    қас - қағым сәт қана. Бақбақтың піскен кезі сияқты, уақыты келгенде үп етеді де біте салады. Қандай қиындық болса да уақытша.   Шәкір Әбенұлының хадистік бір әңгімесінің мазмұны мынадай: Бай саудагерге арнап шебер екі тұмар жазып, былғарыға тігіп дайындапты. Бірін қуанышта, бірін басыңа қайғы түссе ашып оқырсың депті. Бай кезі келіп әуелі біреуін, кейінірек екіншісін ашып оқығанда, екеуінде де бірдей сөздер жазылған екен: «Бұл   да бір уақытша!».   Бірте - бірте Толстой бай тұрмыстың жайлылығы мен ессіз құштарлықтан бас тартып, дене еңбегімен көптеп айналысты, қарапайым киім киіп, шаруашылық жүргізді, вегетариандық салт ұстанып, ет жемейтін болды, кейініректе бар байлығын отбасы мүшелеріне бөліп берді.   Толстой өмірмен қош айтысқысы келсе де, тірліктен бір нәрсе күтетін. Ойына әр нәрсе келеді.   «...Өмірдің мәнін ұғына алмасаң, оны ойлап басыңды қатырма. Тек қыбырлап тіршілік кешсең болды...»   «...Бұлай істей алмаймын. Өйткені бүгінге дейін осылай әрекеттеніп көрдім».   «...Өмірдің мәні! Ол қайда? Шындық деген не? Шындық –    өлім.   Жо - жоқ, шындық –    өлім емес, нағыз ақиқат –    өмір . Бірақ менде тіршілікке қабілет қалмады ғой... Өмірдің мәнінен адастым.   Іздей түс, жаңа жол табарсың...».   Сөйтіп, Лев Толстой тірліктің мәнін қайта іздеуге кіріседі.   «Оны ұзақ уақыт бойы азаптанып іздедім. Өзін құтқармақ болған адамша іздедім, ештеңе таба алмадым».   Отбасы, әдеби шығармашылық та оны қанағаттандыра алмайды.   «Сұмдық ақиқат алдында көзіме перде болған екі тамшы –    отбасым мен шығармашылық та мен үшін мүлдем ләззатсыз боп қалды».   «Отбасым, иә балаларым мен әйелім олар да адам, олардың да жайы мәз емес: я жалғанға алданып жүре береді, я болмаса қорқынышты шындықпен бетпе - бет келеді.   Оларды жаныммен сүйемін, бірақ ақиқатты жасырып қалу мүмкін емес. Ғылымдағы әрбір қадам, өмірдегі әрбір адым ақиқатқа жетелейді. Ал ақиқат –    өлім. Өнер мен өлең жай безендіруші әшекейлер ғана, өмірдің мәнін нақты түсіндіре алмайды.   Фәлсафадан да қайыр жоқ!»   Ақыры Толстой миын әбден   «ашытқан» мәселенің жарасын табады: «Адамның өмір сүру мүмкіндігі иманмен байланысты. Қай дінге сенсек те, иман бізге өмірдің сырттай қарағанда шектеулі, ал шындығында ешбір соңы жоқ екенін, азаптың, тіпті өлімнің де оны жоя алмайтынын сезіндіреді, яғни адам өмірдің мәнін тек иманнан таба алады».   Толстой өзін осындай ойлауға итермелеген оқиғаны былайша баяндайды:   «Мезгіл көктем болатын.   Орманда жалғыз келе жаттым. Айналамдағы әр   қилы   дыбысқа, түрленген табиғатқа ден қойдым, санамды мазалаған мәселе бар - ды ... Құдайды   тану.. . Құдай   менің бүкіл өмірім сияқты реалды емес, тек абстрактылы ғана болса, ондай Жаратушы жоқ   деген сөз. Сонда мен үздіксіз іздеген Құдай   ше? Бұл пікір қайдан шықты? Менің санамда осындай ойдың болуының өзі Құдайдың бар екендігінің дәлелі емес пе? Осыны ойлауым мұң   екен, менде өмірге құштарлық   пайда болды, рухым оянғандай болды. Иманнан алыстағанда өзімді өлімен бірдей сезіндім. Мен Құдайды   іздегенде, соған ұмтылғанда   ғана   өмірден ләззат алатынымды білдім» . «...Олай болса, өмір сүре жүріп Құдайды   ізде. Тірлік кешу –    Құдайды іздеу дегенді білдіреді. Осыдан соң айналам, ішкі дүнием жаңадан нұрланды да ғұмыр бойы маған жарық берді».   Осылайша Толстойда тіршіліктің мәнін ұғынуға, өзі ұғынып қана қоймай, бүкіл адамзатқа азаттық жолын көрсетуге деген ұмтылыс пайда болды. Толстой дінді әу бастағы саф күйінде қабылдауды, кейіннен қосылған жаңсақтықтардан бойды аулақ салуды насихаттады. Кейіннен пайда болған «христиандыққа қосымшалардан» ол ешнәрсе түсінбей, басын қатырды. Ол жайында: «Діннің бар дегенін істеп, ертелі - кеш басқосуларды қалт